Microsoft компаниясы балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиынды Microsoft Қазақстан және Алматы қалалық біліктілікті арттыру және білім беру жүйесі кадрларын қайта даярлау институты бірлесе ұйымдастырды. Шараның мақсаты аталған мәселелерге көпшіліктің назарын аудару, оны шешу жолдарын қарастыру және интернетте қауіпсіз жұмыс жасаудың әдістері мен қазіргі заманғы технологияларды таныстыру.
«Біздің заманымызда компьютерлік технологиялар мен интернеттің өміріміздегі орны артып, халықтың физикалық және психикалық жағдайына кері әсерін азайту қажеттілігі туындауда. Бұл мәселе, әсіресе, бала қауіпсіздігіне қатысты. Себебі, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы баланың дағдылары мен қабілеттерін дамытып қана қоймай, оның денсаулығына нұқсан келтіруге де болады», - дейді Алматы қаласы БА БЖКҚИ директорының орынбасары Раушан Ахмедова.
«Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі» бағдарламасы - Microsoft компаниясының бастамасы. Майкрософт ұсынып отырған Windows бағдарламалық қамсыздандыруы балаларды интернеттің залалды әрі қауіпті әсерінен арашалауға мүмкіндік береді.
«Біздің мақсатымыз - ата-аналар мен мұғалімдерді жаңа технологияларды қауіпсіз қолдануға үйрету. Осы қызметімізбен балаларға қауіпсіз қарым-қатынас орнату және интеллектуалды даму мүмкіндігін ұсынамыз», - деді Майкрософт Қазақстан Бас директоры Гюнтер Дам.
Конференцияда Microsoft Қазақстан компаниясы мен бірқатар жоғағы оқу орындары болды. Сондай-ақ, қалалық №20, №83, №12 мектеп мұғалімдері мен оқушылары да қатысты.