Михаил Кукушкин әлемдік рейтингіде ТОП-100-ге жақындап келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Кукушкин
Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 25-орнында қалса, Александр Шевченко 56-дан 58-ге сырғыды.

Өткен аптада Порту (Португалия) челленджер турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Михаил Кукушкин 134-тен 121-ге көтеріліп, ТОП-100-ге жақындап келеді. Ол 2015 жылы әлемнің 46-ракеткасы атанған болатын.

Денис Евсеев 166-дан 181-ге, Дмитрий Попко 185-тен 187-ге, Тимофей Скатов 189-дан 191-ге төмендеді. 

Әлемдік рейтингідегі үздік үштікте өзгеріс жоқ, италиялық Янник Синнер көш бастаса, сербиялық Новак Джокович екінші, испаниялық Карлос Алькарас үшінші сатыда.

Жұптық сында қазақстандық Александр Недовесов 54-тен 59-ға, А.Бублик 130-дан 133-ке түсіп қалса, Андрей Голубев 148-орнында тұр.

Әйелдер арасында WTA рейтингісінде Польша өкілі Ига Швентек, америкалық Кори Гауфф, белоруссиялық Арина Соболенкодан кейін қазақстандық Елена Рыбакина бұрынғыша 4-сатыда келеді.

Юлия Путинцева 32-ден 31-ге жоғарылады.

Жұптық сында Анна Данилина 48-орнында қалса, Жібек Құламбаева 135-тен 134-ке ауысты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жасөспірім теннисшілердің Сербиядағы жарыста үздік шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар