Михаил Кукушкин Чехиядағы челленджер турнирінің екінші айналымына өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 165-ракеткасы Михаил Кукушкин Прага (Чехия) челленджер турнирін сәтті бастады.

Кукушкин
Фото: ҚТФ

М.Кукушкин алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 619-орында тұрған чехиялық, 17 жастағы Максим Мрвадан айласын асырды – 6:0, 5:7, 6:4.

Екі сағат 11 минутқа созылған бәсекеде Кукушкин 2 эйспен бірге 20 брейк-пойнттың сегізін құр жіберген жоқ. Мрва 2 эйс, 5 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 210-ракеткасы, словакиялық Лукас Клейнмен таласады.

Әлемнің 163-ракеткасы Дмитрий Попко рейтингіде 251-сатыдағы франциялық Саша Геймард Вайенбюргқа жол берді – 6:7 (3:7), 6:4, 2:6. Бұл ойын екі сағат 39 минутта бітті.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 220-ракеткасы Бейбіт Жұқаев 2 сағат 34 минутқа созылған тартысты матчта рейтингіде 358-орындағы франциялық Максим Шазальға есе жіберді – 6:4, 5:7, 5:7.

Бұдан бұрын Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында испаниялық Даниэль Ринконнан аса алмаған болатын – 3:6, 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Рим мастерс турниріне жолдама алғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар