Михаил Кукушкин Сиднейдегі кәсіби теннисшілер қауымдастығы турнирінің жартылай финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Сиднейдегі (Австралия) кәсіби теннисшілер қауымдастығы турнирінің жартылай финалына өтті.

Михаил Кукушкин Сиднейдегі кәсіби теннисшілер қауымдастығы турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстан теннис Федерациясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, ширек финалда қазақстандық аргентиналық теннисші Хуан Мартин Дель Потродан екі сетте -7:6(5),7:6(3) есебімен басым түсті.

Енді Кукушкин жартылай финалда француз Жюльен Беннето мен аргентиналық Леонардо Майер арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.