Михаил Шайдоров қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шықты

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияның Милане-Кортина д’Ампеццо өңірінде өткен қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында мәнерлеп сырғанаушы туын ұстап шықты. 

Михаил Шайдоров қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шықты
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Еліміздің атынан мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды. Нәтижесінда қазір қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте 1 алтын медальмен 19-орынға тұрақтады.

Михаил Шайдоров қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шықты
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК
Михаил Шайдоров қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шықты
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Еліміз биыл қысқы Олимпиада ойындарында 10 түрінен 58 медаль жиынтығы бойынша бақ сынады. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар.

Михаил Шайдоров қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шықты
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК
Михаил Шайдоров қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шықты
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

2026 жылғы қысқы Олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен шамамен 2 900-3 500 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Дүбірлі додада әлемнің 90-нан астам елінен шамамен 3 500 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Михаил Шайдоров қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шықты
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК
Михаил Шайдоров қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шықты
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Жалпы командалық есепте Норвегия 18 алтын, 12 күміс, 11 қоламен көш басына шықты. Одан кейінгі орындағы АҚШ 12 алтын, 12 күміс, 9 қола еншілесе, үздік үштікті 10 алтын, 7 күміс, 3 қоламен Нидерланд түйіндеді. 

Ата кетейік, бұған дейін 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың жабылу салтанаты өтіп жатқанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум