18:53, 24 Қазан 2025 | GMT +5
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-придің қысқа бағдарламасында 3-орынға ие болды
АСТАНА. KAZINFORM – Чунцин қаласында (Қытай) мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі басталды.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәлімметінше, аталған жарыста Қазақстан атынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров бақ сынап жатыр.
Қысқа бағдарламада Шайдоров 88.33 ұпай жинап, аралық нәтижеде үшінші орынға ие болды.
Жарыс кестесінде жапониялық Шун Сато 94.13 ұпаймен көш бастап тұр. Ал екінші орынға 90.42 ұпаймен италиялық Даниэль Грааль жайғасқан.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 25 қазанда өтеді.
Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы шорт-тректен әлемдік турдың жартылай финалына өткенін жазған едік.