16:14, 27 Сәуір 2025 | GMT +5
Милад Карими әлем кубогы кезеңінде тағы да топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM — Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Милад Карими алтыннан алқа тақты.

М.Каримидің еркін жаттығудың финалында шебер өнер көрсетіп, төрешілер тарапынан 14.133 ұпай алды.
Болгария өкілі Эдди Пенев (13.966 ұпай) күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13.866) түйіндеді.
Милад бұдан бұрын Хорватияның Осиек қаласында кермедегі жаттығудан алтын алған еді. Ал Дохада еркін жаттығудан алдына жан салмаған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Милад Каримидің әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Милад Карими әлем кубогында финалға өткенін де хабарладық.