20:40, 12 Сәуір 2025 | GMT +5
Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінде қола медаль еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша 3-орын алды.

Отандасымыз финалда Израиль спортшысы Артем Долгопят мен АҚШ өкілі Иваи Юнносукеге жол берді.
Осылайша Милад төрешілердің шешімімен 13.966 ұпай жинап, әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесіне ие болды.
Айта кетейік, Карими осы әлем кубогының кезеңінде кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында да өнер көрсетеді.
Сонымен қатар ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов медаль үшін бақ сынайды.
Бұған дейін Милад Каримидің Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінде финалға жолдама алғанын жазған едік.