16:36, 30 Қаңтар 2026 | GMT +5
«Миланда» доп тепкен футболшы елордалық команда сапын толықтырды
АСТАНА. KAZINFORM – 33 жастағы Александр Меркель «Жеңіс» клубымен келісімшартқа отырды.
Футболшы елордалық командада 52-ші нөмерлі жейдемен өнер көрсетеді.
Миланның түлегі А сериясыннан бөлек Англия, Нидерланд, Түркия, Иран чемпионаттарында доп тепкен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Темірлан Анарбековтің UEFA Чемпиондар лигасының үздік қақпашылары қатарына енгенін хабарлаған болатынбыз.