09:51, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Миланда өтіп жатқан әлем чемпионатында Рүстем Сыбаев ширек финалға жолдама алды
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Миланда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ел намысын қорғаған Рүстем Сыбаев ширек финалға шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлем біріншілігінде 64 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Р.Сыбаев 1/8 финалда түрік боксшысы Онур Сипалмен қолғап түйістіріп, 14:5 есебімен жеңді. Былғары қолғап шеберінің бүгін өтетін ширек финалдағы қарсыласы венгерлік Гил Кейт болмақ. Ол кеше бразилиялық Майк Карвайодан 10:8 есебімен басым түскен еді.
Сондай-ақ кеше шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Олжас Сәттібаев ағылшындық қарсыласы Халид Ясафтан (5:14) ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.