Миллиардер Анисимовтің қызы Нью-Йорктегі пентхаусты сатуға ұйғарды

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Ресейлік миллиардер Василий Анисимовтің қызы - Анна Анисимова Манхэттендегі апартаментін 50 миллион долларға сатуға шығарды, деп хабарлады Лента.ру.
None
None

The Wall Street Journal басылымның хабарлауынша, пәтерді сондай-ақ айына 60 мың долларға жалға алуға болады.

Басылымның мәліметтеріне қарағанда, Орталық саябаққа қарап тұрған пентхаус Time Warner Center тұрғын үй кешенінің 75-қабатында орналасқан. Авторлық дизайнмен әрленген 10 бөлмелі апартаменттің аумағы 360 шаршы метрді құрайды.

Анисимова бұл пәтерді 2004 жылы 19 жасында 9,86 миллион долларға сатып алған болатын. Оның айтуынша, жылжымайтын мүлікті сату  оның күйеуі - продюсер әрі Sunrise Pictures кинокомпаниясының бас директоры Питер Шафермен бірге Лос-Анджелеске қоныс аудару ниетінен туындаған.

Егер апартамент осы бағаға сатылса, ол Нью-Йорктегі ең қымбат екінші пәтер болмақ. Манхэттеннің бүкіл тарихындағы ең қымбат жылжымайтын мүлік өткен жылы «Уралкалийдің» бұрынғы иесі Дмитрий Рыболовлевтің қызы Екатерина әкесінің сенімхатымен сатып алған 88 миллион доллардың элиталық пенхаусы болды.

Василий Анисимов  металлургия бизнесінде дәулет жиған. Бүгінде ол Coalco девелопер компаниясының және Мәскеудің «Кристалл» зауытының иесі. 2011 жылдың қорытындысымен Forbes журналы кәсіпкердің дәулетін 3,4 миллиард долларға бағалады (Ресейдің аса бай адамдарының тізімінде 30-орында).

Соңғы жаңалықтар