Миллиардер Османов биолог Уотсоннның Нобель медалін сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік миллиардер Әлішер Османов Christie's бәссаудасында америкалық биолог Джеймс Уотсонның алтын Нобель медалін сатып алды.
None
None

Лотқа 4 миллион доллардан астам төлеген бизнесмен ғалымға наградасын қайтарып бермек, деп хабарлады USM Holdings - компаниясы баспасөз қызметінен.

Джеймс Уотсон Нобель сыйлығын 1962 жылы ДНК құрылымын ашқаны үшін алды. Уотсонның наградасы тарихта көзі тірі кезінде лауреаттың өзі сатқан алғашқы медаль болып табылады.

Ғалым оларға 2007 жылғы сұхбаттарының бірінде айтылған түрлі нәсілге қатысты ескертпеден кейін ғылыми қоғамдастықта қуғынға ұшырағаны себеп болғанын мәлімдеді.

Медальді сатқаннан түскен қаражатты Уотсон қайырымдылыққа жұмсайтынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар