Миллиардерлер саясат пен БАҚ-ты бақылауды күшейтті — Oxfam

АСТАНА. KAZINFORM – Әлем бойынша миллиардерлердің байлығы 2025 жылға қарай 2,5 трлн долларға артып, рекордтық 18,3 трлн долларға жетті, деп хабарлайды Kazinform

Миллиардеры усиливают контроль над политикой и СМИ — Oxfam
Фото: pixabay

Oxfam-ның жыл сайынғы есебіне сәйкес, өткен жылы әлемде 3 мыңнан астам миллиардер болған, ал ең дәулетті адам Илон Масктың байлығы алғаш рет жарты триллион доллардан асып түсті.

АҚШ-та басқа елдерге қарағанда миллиардерлер көп – 932 адам және Forbes журналының мәліметінше, тек өткен жылдың ішінде елде 116 жаңа миллиардер пайда болды.

Халықаралық қайырымдылық ұйымдар конфедерациясы миллиардерлердің саясатқа, БАҚ-қа және әлеуметтік желілерге бақылауын күшейтіп жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Мысал ретінде Amazon миллиардері Джефф Безостың The Washington Post газетін, Илон Масктың Twitter/X компаниясын, Патрик Сун-Шионгтың Los Angeles Times газетін сатып алуын және оңшыл миллиардер Винсент Боллордың француздық CNews газетін иеленуін келтіруге болады.

- Супер байлардың біздің саясатымызға, экономикамызға және БАҚ-қа шамадан тыс ықпалы теңсіздікті ушықтырып, бізді кедейшілікпен күрес бағытынан алшақтатты, - деді Oxfam атқарушы директоры Амитабх Бехар.

Ұйым сонымен қатар миллиардерлердің саяси лауазымдарды иелену ықтималдығы қарапайым азаматтарға қарағанда 4 мың есе жоғары екенін есептеп, World Values Survey-дің 66 елді қамтитын сауалнамасын келтірді, оған сәйкес сұралғандардың жартысына жуығы байлардың өз елдеріндегі сайлауларды жиі сатып алатынын айтты.

- Байлар мен қалғандар арасындағы алшақтықтың артуы бір мезгілде өте қауіпті және тұрақсыз саяси тапшылықты тудырады, - деді Бехар.

Есеп 19 қаңтарда Швейцарияның Давос қаласында басталатын Дүниежүзілік экономикалық форуммен (ДЭФ) тұспа-тұс келді.

Биылғы жылы форумға «әлемнің 850-ге жуық жетекші бас директорлары мен директорлар кеңесінің төрағалары», сондай-ақ саяси көшбасшылар қатысып отыр.

Бұған дейін G20 елдеріндегі миллиардерлердің жиынтық байлығы 16,5 пайызға өсіп, 15,6 трлн долларға жеткенін жаздық. 

Соңғы жаңалықтар