Мыңдаған израильдік Тель-Авив алаңына жиналып, тұтқындардың оралуын күтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Израильдіктер екі жылдан кейін тұтқыннан оралған отандастарын қарсы алуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Газа секторында ұсталған израильдік тұтқындардың босатылуын көру үшін Тель-Авивтің «Тұтқындар алаңына» 65 мыңға жуық адам жиналды, деп хабарлайды The Times of Israel.
Іс-шара жүргізушісінің айтуынша, қатысушылардың саны артып келеді, алаңға қарай тағы мыңдаған адам келе жатыр.
- Біз бірге болу үшін және екі жылдық күрестен кейін елге оралғандарды қарсы алу үшін келдік, - деді ол көпшілік алдында сөйлеген сөзінде.
Hostages Square awaits their return 🎗️
— Bring Them Home Now (@bringhomenow) October 13, 2025
Until the last hostage
Photo credit: Alon Gilboa pic.twitter.com/0V5dKpsxaC
Тель-Авивтегі бұл орын ресми түрде Ицхак Рабин алаңы деп аталады. Алайда израильдіктер оны «Тұтқындар алаңы» деп атай бастады — ол ХАМАС содырлары Израильге шабуыл жасаған 2023 жылдың қазан айынан бастап қоғамдық ынтымақтастықтың символына айналды. Мұнда соңғы екі жылдан бері Газа секторындағы тұтқындарды босатуды талап еткен жаппай шеру өтті.
Дүйсенбі күні таңғы сағат 8-де басталған кепілге алынғандарды босату процесін күткен оңдаған израильдік алаңға түнде жинала бастаған.
Israelis gather in Tel Aviv ahead of scheduled prisoner-hostage swap.
— AFP News Agency (@AFP) October 13, 2025
Dozens of Israelis gather in the middle of the night at the Tel Aviv plaza known as the Hostages' Square, ahead of the scheduled prisoners-hostages swap due in the morning pic.twitter.com/OhkWpYUjm9
Үлкен экрандардан кепілге алынғандар ұрланғанға дейін түсірілген суреттердің слайдтары көрсетіліп жатыр. Олар тікелей жаңалықтар ленталарымен араласады. Тұтқындардың туыстары экранға шыққан сайын немесе алаңның өзі түсірілген кадрлар көрсетілген сайын жиналғандар қол соғып жатыр.
Channel 12 телеарнасы кепілге алынғандардың бірінің анасы Эйнав Зангаукер мен оның ұлының әңгімесін жариялаған сәт ерекше овация тудырды.
- Соғыс бітті, сен үйге келе жатырсың, - деді анасы ұлына.
Ағайынды Давид пен Ариэль Кунионың, содан кейін израильдік сарбаз Нимрод Коэннің босатылуына дайындалып жатқан суреттері көрсетілгенде жұрт тағы ду қол шапалақтады.
Дүйсенбі күні кешке аяқталатын еврейлердің Суккот мерекесіне арналған дәстүрлі таңғы қызмет өтетін алаңның бір бұрышында «дұға ету шатыры» орнатылды.
שרון קוניו וארבל יהוד בשיחת וידאו מרעים עם אחות של שרון, שורדת השבי דניאל קוניו. דוד ואריאל קוניו עוד מעט בבית.@N12News pic.twitter.com/xRZgDfF3Cq
— yonatan reguer (@yreguer) October 13, 2025
Іс-шараны ұйымдастырушылар бүкіл ел бойынша мыңдаған адам кепілге алынғандардың үйлеріне қайтып оралуын көруі үшін алаңнан тікелей онлайн-трансляцияны бастады.
Бүгін таңертең ХАМАС кепілге алынған жеті израильдік азаматты Қызыл Крест ұйымына тапсырды.