Министр Алматыда жасөспірімді зорлады деген күдікпен полицейлер ұсталғанын растады

Самат Әбішке қатысты тергеу амалдарына ІІМ жауап бермейді – Ержан Саденов
Фото: gov.kz

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматыда жасөспірімді зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы полицейлерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.

Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатынан кейін тілшілер министрден Алматыда екі полицейдің 14 жастағы жасөспірімді зорлау дерегі туралы сұрақ қойды. «Күдіктілер ұсталды ма?», - деп сұрады журналистер.

Өз кезегінде Е. Саденов мұндай факті шынымен де болғанын растады. Бұл оқиғаға қатысты шұғыл түрде қызметтік тексеріс жасалып, тәртіптік комиссияның отырысы өткен.

Осы ретте министр аталған қызметкерлер ішкі істер органдарынан шығарылғанын нақтылады.

«Қылмыстық іс бойынша олар қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар