10:58, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Министр Б.Сапарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарын жасады
АҚТӨБЕ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмыс бабындағы сапармен Ақтөбе облысына келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Министрдің сапарының басты мақсаты - Үкімет пен жергілікті атқарушы билік қабылдап жатқан дағдарысқа қарсы шаралардың тиімділігімен танысу. Кеше, сәрсенбі күні министр Ақтөбеге келгеннен кейін, облыс әкімі Елеусін Сағындықовпен бірге Хромтау ауданына аттанды. Бұл аудан кездейсоқ таңдалып отырған жоқ - себебі кен-руда саласы бүгінгі дағдарыстан ең қатты зардап шегіп отыр. Министр өз сөзінде атап көрсеткендей, ол осы аймақтағы негізгі салалық кәсіпорындардағы жағдаймен танысу мақсатында келіп отыр. Министр Хромтаудағы №4 кәсіптік лицейде болып, басымдықты өндірістер үшін кәсіптік кадрлар дайындаудың жағдайымен танысты. Сондай-ақ, министр №2 ұсақтау-байыту фабрикасына, «Восход-Ориел» ЖШС-нің хром рудасын байыту жөніндегі кен-байыту комбинатында болды.