Министр: Бензин бағасы бойынша Қазақстанның рейтингі қандай
«Global petroleum prices» халықаралық агенттігі әлемдегі жанар-жағармай бағасы ең арзан елдердің рейтингісін жасайды. Аталған рейтингті жасау үшін жоғары октанды бензин мен дизель отынның бағасын пайдаланады. Аталған рейтингте 167 елдің деректері қолданылады. 2018 жылы 19 ақпанда жарияланған рейтингте бірқатар мемлекет арасында ең арзан бенизин бойынша Қазақстан 15-ші орында тұр», - деді министр.
Оның дерегінше, елімізде 1 литр бензиннің бағасы 56 центті құраса, әлемде 1 литр бензиннің орташа бағасы - 1 доллар 15 цент. Ең арзан бензин Венесуэлада, 1 литрі 10 центке тең. Ал ең қымбат бензин 2 доллар 10 цент көлемінде Исландияда тіркелген.
«Аталған рейтингте Қазақстан дизель отынының бағасы бойынша 14-ші орында тұр. Біздегі дизель отынның бағасы - 50 цент. Әлемдегі дизельдік отынның орташа бағасы - 1 доллар 04 цент. ТМД елдері бойынша салыстырар болсақ, онда бізге қарағанда ең арзан бензин Түрікменстанда 0,43 центті құрайды. Дизель отыны да Түрікменстанда және Әзербайжанда бізден арзан», - деді Қанат Бозымбаев.