Министр Елбасына ведомствоның ағымдағы жұмысы және ішкі істер органдарын реформалау барысы туралы баяндады

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовті қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Министр Елбасына ведомствоның ағымдағы жұмысы және ішкі істер органдарын реформалау барысы туралы баяндады

Министр Президентке ведомствоның ағымдағы жұмысы және ішкі істер органдарын реформалау барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың тиімділігін арттыруға, ұйымдасқан қылмыспен, есірткі бизнесімен және заңсыз көші-қонмен күресті күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.