Феррорқорытпа зауытындағы апаттан қайтыс болған марқұмға қандай диагноз қойылды
АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды феррорқорытпа зауытындағы апаттан қайтыс болған марқұмға қандай диагноз қойылғанын жеткізді.

«Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында болғандықтан жағдайдың бәрін біліп отырмыз. Қайтыс болған науқастың терісінің 80 пайыздан астамын күйік шалған. Полиорганды тапшылық дейміз, жүрекке, бүйрекке соғатын асқынудан көз жұмғанын дәлелдеп отырмыз. Негізі дененің 60 пайыздан астамын күйік шалса, адам өміріне қауіп төнеді. Қалған науқастардың жағдайы туралы қосымша ақпарат берер болсақ, олардың ішінде 6 адамның жағдайы өте ауыр», - деді Ақмарал Әлназарова.
Еске салсақ, бұған дейін Ақмарал Әлназарова ферроқорытпа зауытындағы апаттан көз жұмған қарағандылықтың отбасына көңіл айтқан еді.