Министр Қарағандыда уланған балалардың жағдайын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Управление здравоохранения Карагандинской области

«Бүгінгі таңда 13 баланың алтауы ауруханада жатыр. Олардың жағдайы ауыр. Балалар реанимация, қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылды. Екеуінің жағдайы ауыр әрі тұрақсыз», - деді Ажар Ғиният үкімет аясында.

Оның айтуынша, тергеу шаралары әлі жүргізіліп жатыр, тексеру аяқталған жоқ.

«Сот-медициналық сараптамасы әлі аяқталған жоқ, қорытынды шығарылмады. Балалар емделуде. Дәрігерлер болжам жасамайды, бірақ алты баланың төртеуі жақсарып келеді», - деп түйіндеді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, оның біреуі қайтыс болды, алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.


Соңғы жаңалықтар