Министр мектеп асханаларында жиі бұзылатын заң бұзушылықтарды атады
АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде мектеп асханаларын тексеру 23 есе азайды.

- Денсаулық сақтау министрлігі жүктелген функциялар шеңберінде білім беру ұйымдарында санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтер талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Биыл барлығы 191 мектеп, оның ішінде 54 ас блогы тексерілді. Тексерулер саны 23 есе азайды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өткен оқу жылында тексерулер прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша жоспардан тыс тәртіппен жүргізілді). Мектеп асханаларында жиі анықталатын заң бұзушылықтар, апаттық жағдайдағы ғимараттар, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың болмауы, мектептердің шамадан тыс жүктемесі, санитариялық-техникалық жағдайлардың нашарлығы тағы сол сияқты, - деді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында.
Мектеп асханаларын тексеру нәтижесінде Денсаулық министрлігі:
- 150 ұйғарым шығарды;
- 12 млн теңгеден астам (12 779 000 теңге) сомаға айыппұл салды;
- 31 адам жұмыстан шеттетті;
- 6 іс сотқа жіберді.
- Осыған байланысты, өңірлердің әкімдері жаңа оқу жылына қатысты заң бұзушылықтарды жоюды қамтамасыз етуін сұраймыз,- дейді ведомство басшысы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, мектептерде 1 мыңнан астам стоматология кабинеті ашылады.