Министр Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекпен кездесті
![Жаннұр Еңсебек Жаннұр Еңсебек](/static/img/plug.webp)
АЛМАТЫ. KAZINFORM – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді.
«Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері мен жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын» - деді Саясат Нұрбек.
![Cаясат Нұрбек Cаясат Нұрбек](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-06-30/21b723bf-15bb-43cb-a503-ee8bab693438.jpeg)
11 жыл үздік оқыған түлек – «Алтын белгі» иегері. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.
Осыған дейін Ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-да барлық сұраққа дұрыс жауап бергені туралы жазған едік.
Кейін максималды межеге қол жеткізген түлек Kazinform тілшісіне тестке қалай дайындалғаны туралы айтып берді.