Министр Үкімет жанындағы Денсаулық сақтау кеңесін күшейтуді ұсынды

Министр атап көрсеткендей, алдағы уақытта қоғамдық денсаулықты сақтау бойынша бірыңғай ұлттық саясат енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде жаңа бюджеттік бағдарлама әзірленіп, осы құжат аясында барлық мемлекеттік органдар халықтың денсаулығын күшейтуге бағытталған іс-шараларды атқаратын болады. Мәселен, ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларын тамақтандыру мәселесімен айналысса, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық маңызы бар жолдарда 12 шұғыл медициналық-құтқару бөлімшелерінің ашылуына жауапты болмақ.
«Осы орайда, біз ҚР Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің мәртебесін күшейту мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Ол үшін кеңес төрағалығына осы салаға жауапты Үкімет басшысының орынбасарын бекіткен жөн деп санаймыз», - деді С.Қайырбекова.