Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Министрлер мен әкімдер жеке жобалармен айналысуға әуестенбеуі керек - Елбасы

АСТАНА.  22 маусым. ҚазАқпарат - Министрлер мен әкімдер жеке жобалармен айналысуға әуестенбеуі керек.

Министрлер мен әкімдер жеке жобалармен айналысуға әуестенбеуі керек - Елбасы

Бұл туралы бүгін Ақордада кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Министрлер мен әкімдер жеке жобалармен айналысуға әуестенбеуі керек. Бәрі баяндауға құмар. Таяуда олар жартыжылдыққа орай жол құрылысы, іске қосылған зауыттар сынды жобалар туралы баяндама жасайды», - деді Президент.

Мемлекет басшысының пайымынша, олар ел ішіндегі бизнестің мүддесімен әрі оны шетелге шығарумен айналысуы қажет. «Міне, осы Үкіметтің, барлық әкімдердің міндеті», - деді Елбасы.

Осы орайда Президент орталық мемлекеттік органдар мен әкімдердің жұмысын бағалау үшін енгізілетін тәуелсіз рейтинг жасалған кезде, облыстарда бизнестің қалай жүргізілетіндігі, оның дамуы айқын білінетіндігін баса айтты.

«Шағын және орта бизнес көлемінде өсім бар болса, онда облыс әкімі жақсы жұмыс істейді деген сөз. Ал, оның мұнан басқа міндеті қандай», - деді Н. Назарбаев.