Министрлік БАӘ-де құтқарылған қыздар туралы: Олар өздерінің жағдайын хабарламайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Біріккен Араб Әмірліктерінде қиын жағдайға тап болып, құтқарылған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазақстан азаматтары қиын жағдайға тап болатын немесе қарыз есебінен олардан құжаттарын алып қоятын кездер болады. Мұны құлдық деп айтуға болмайды. Ал қиын жағдайға түскен адам зардаптардан қорқады. Сондықтан өздерінің жағдайын хабарламай, ұзақ уақыт жүріп қалады. Біз мұндай адамдарды құтқардық. Олар негізінен қыздар», - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, БАӘ-де қазақстандықтардың құлдықта болғаны туралы фактілері тіркелмеген.

Осы айдың басында ақша табу үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядаға аттанып, еңбек құлдығына тап болған екі қазақстандық азамат туралы мәлім болды.

Кейін, 23 қаңтарда аталған екі Қазақстан азаматы Мьянмадан табылып, құлдықтан босап шығып, елге жеткізілді.


Фото: t.me/pressmfakz

Соңғы жаңалықтар