Министрлік халықты жұмыспен қамтуды бақылайтын болады ? В. Школьник

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Министрліктің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бойынша Елбасының қойған мақсат-міндеттеріне сәйкес еліміздің шикізаттық емес секторы, кәсіпкерлік пен құрылыс саласындағы тұрақтандыру саясатына басымдық беріледі.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде министр Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы өндірістік даму мен халықты жұмыспен қамту іс-шараларын бақылауға алып, саладағы серпінді жобаларды жүзеге асыруды үйлестіру жоспарланған. «Биыл 2,5 млрд. теңгені құрайтын 9 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Аймақтарда 838 млрд. теңгеге бағаланып отырған 194 құрылыс нысаны тапсырылады. Осының арқасында 20 356 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондықтан біз осы жұмыстардың ойдағыдай атқарылуын қамтамасыз етуіміз қажет», - деді В.Школьник.
Соңғы жаңалықтар