Министрлік комитеттеріне мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз ететін шешімдер қабылдау өкілеттігі беріледі - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Министрлік комитеттеріне мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз ететін шешімдер қабылдау өкілеттігі беріледі, - деді Мемлекет басшысы Парламенттің төртінші сессиясында сөйлеген сөзінде.
Бұл туралы Ақорданың twitter-дегі парақшасында хабарланды.