Министрлік «сөмкемде бомба бар» деген елшінің қалжыңына түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұxтар Тілеуберді Астана әуежайында "сөмкемде бомба бар" деген қалжыңы үшін ұсталған Ауғанстан бұрынғы елшісінің әрекетіне түсініктеме берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Енді, ол әрекет дөрекілеу болды. Елші мырза кеденшілердің "Сөмкеде не бар?" деген сұрағына "Бомба бар" деп жауап қайтарған. Әлбетте, арнайы орган қызметкерлері бірден тергеуге кірісті. Тексерістен кейін оның сөзі расталған жоқ. Сосын өзінің елші екені анықталды. Сөйтіп, барлығы сол жерде шешілді. Ал елші Алматыға ұшып кетті. Енді, кез келген дипломат өзі жүрген мемлекеттің заңдарына құрметпен қарауы тиіс. Қарапайым этикет ережелерін сақтау қажет. Сондықтан оның әрекеті дөрекілеу болды", - деді Тілеуберді журналистерге берген сұxбатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бас кезінде кеденшілер ол адамның елші екенін білмеді. Тексеріс кезінде ғана оның дипломат екені анықталды.

Айта кетейік, Астана әуежайы Ауғанстан Ислам Республикасының бұрынғы елшісі Моxаммад Фарук Баракидің ұсталғаны жайында xабарлады. Оның орнына осы елдің ұлттық армиясын басқарған Кадам Шаx Шаxим тағайындалды. Алайда бұрынғы елші Баракиді Астана әуежайында тексергенде ол әлі де елші қызметінде болған.

Соңғы жаңалықтар
telegram