Министрліктер үйі маңынан табылған сөмке астаналықтарды әбігерге салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Қонаев пен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысы иесіз әйел сөмкесінің табылуына байланысты полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Сағат 13-50-де Қонаев пен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысына таяу жердегі көлік тұрағынан иесіз әйел сөмкесі табылғандығы туралы ақпарат түсті. Осыдан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл аттанды. Тексеру барысында күдікті зат табылмады. Ескі әйел сөмкесінің ішінде де қағаз қоқыс қана болған», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Оның сөзіне қарағанда, сағат 14,24-те көше қиылысындағы жаяу жүргіншілерге енгізілген шектеу алынған.

Соңғы жаңалықтар