Министрліктің тапсырысымен әскери реалити-шоуға қатысуға кастинг жарияланды

«Әскери істе өз күшін сынап көрмегендерге «Ерекше тапсырма» реалити-шоуына қатысуға кастинг жарияланады. Жобаға қатысуға 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер шақырылады. Қарулы күштерде қызмет өткеру тәжірибесінің болуы міндетті емес»,-делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінде.
Оған қатысушылар өздерінің дене және психологиялық даярлығының деңгейін сынақтан өткізіп, батылдық пен жауынгерлік рухтың, өз күшіне деген сенімділіктің арқасында кез келген сынақтан мүдірмей өте алатынын дәлелдейді.
Бұл шоуда қазіргі заманғы қару-жарақ, жауынгерлік техника, арнайы даярлық күтіп тұр.
«Ерекше тапсырма» әскери реалити-шоуының жеңімпазына берілетін бас жүлде автокөлік болады. Сондықтан www.oz.galatv.kz сайтында сауалнаманы толтырып, ниет білдіргендер кастингке шақырылады. Өтінімдер 2013 жылғы 10 маусымға дейін қабылданады.