Министрлік аспандағы беймәлім нысандардың пайда болу себебін атады

АСТАНА. KAZINFORM - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 5-нен 6 маусымға қараған түні Орталық және Солтүстік Қазақстан халқы, оның ішінде Астана, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларында пайда болған жарық құбылысқа қатысты түсініктеме берді. 

Министрлік аспандағы беймәлім нысандардың пайда болу себебін атады
Фото: Видеодан алынған скрин

— 5-нен 6 маусымға қараған түні Орталық және Солтүстік Қазақстан халқы, оның ішінде Астана, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларының тұрғындары аспанда жарық құбылысты байқады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл орбитада бұрын болған ғарыш нысандарының бірінің атмосфераға енуімен байланысты, — делінген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарламасында.

Ғарыштық қалдықтардың қозғалысын бақылайтын халықаралық ұйымдардың деректеріне сәйкес, дәл осы уақыт аралығында үш оқиға тіркелген, олардың әрқайсысы байқалған құбылысты тудыруы мүмкін.

1. Қытайдың ZQ-2E зымыранының үдеткіш блогы
Атмосфераға ену уақыты: 5 маусым, Астана уақытымен шамамен 22:40
Нысан: LandSpace компаниясы 17 мамырда ұшырған Zhuque-2 Enhanced зымыранының сатысы

Ерекшелігі: Экологиялық таза отын (сұйық метан мен оттегі) пайдаланылады, жану кезінде айқын жарық шығарады.

Бұл нысан уақыт жағынан және көрініс сипаттамасы бойынша Қазақстан тұрғындарының байқаған құбылысына ең дәл сәйкес келеді.

2. STARLINK-1631 (SpaceX) спутнигі
Атмосфераға ену уақыты: 6 маусым, Алматы уақытымен 03:41
Ескі спутниктердің бірінің жоспарлы орбитадан шығуы

3. Жапондық H-2A R/B зымыранының үдеткіш блогы
Атмосфераға ену уақыты: 6 маусым, Алматы уақытымен 00:36
Нысан пассивті орбитадан шығу режимінде болған

— Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағына қандай да бір фрагменттердің құлағаны немесе залал келтіргені туралы расталған ақпарат жоқ. Мұндай нысандар, әдетте, атмосферада толық жанып кетеді (ірі бөліктердің Қазақстан аумағына құлауы екіталай), ал құбылыстың өзі көрнекі болғанымен, қауіпсіз үдеріс болып саналады. Азаматтардан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Айта кетелік белгісіз нысандар Астана аспанында ұшып өткені туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар