Министрлік суға деген қажеттіліктің 28 пайызын қайта пайдалану тәсілі арқылы жаппақшы

АСТАНА. KAZINFORM — Елдегі өнеркәсіп нысандары алдағы 7 жылдың ішінде өз өндірісіне қайта пайдаланылатын суды тұтынуға көшу керек. Су ресурстары және ирригация министрлігі Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы Су кодексі саланың алдына осындай міндет қоятынын айтты. 

Министрлік суға деген қажеттіліктің 28 пайызын қайта пайдалану тәсілі арқылы жаппақшы
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

— Су кодексінде 7 жыл ішінде айналымды және қайта сумен жабдықтау жүйелеріне кезең-кезеңімен көшу бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін міндетті талап көзделген. Бұл шара 2030 жылға қарай суды қайта пайдалану үлесін қазіргі 13,1%-дан 28%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, — деді департамент басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол министрлік қызметкерлері 2 млн оқушыға «Суды үнемде — болашақты сақта» тақырыбымен жалпы республикалық ашық сабақ өткізгенін атап өтті. Осыған ұқсас үгіт-насихат шараларын университеттер мен колледждерде өткізу жоспарланған.

Бұған дейін елдегі су үнемдеу технологиялары пайдаланылатын егіс алқабының аумағы 86% ұлғайғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар