Минск Бакиевті ұстап бермейді - Лукашенко

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Минск, Қырғызстан тарапынан сәйкес өтініш түскен жағдайдың өзінде, экс-президент Құрманбек Бакиевті экстрадициялаудан бас тартады, деп мәлім етті Беларусь елінің басшысы Александр Лукашенко «Рейтер» агенттігіне берген сұхбатында.
None
None

Лукашенконың айтуынша, мұндай әрекет Қырғызстанның уақытша үкіметі үшін нәтижесіз әрекет болып табылады. «Бакиев Беларусь мемлекетінің және президентінің қорғауында», деп мәлім етті Лукашенко.

Бұған дейін Қырғызстанның уақытша үкіметі арнайы декретпен Бас Прокуратураға президенттік тағынан тайдырылған Құрманбек Бакиевты еліне экстрадициялап, оны қылмыстық жазаға тартуды тапсырған болатын. Осы декретпен Қ.Бакиев «бейбіт адамдарды ату туралы шешім қабылдағаны үшін» экс-президент және дербес құқықтылығы мәртебесінен айырылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ, Қырғызстанның уақытша үкіметі сәуірдің 7-сі күні көптеген адам өлтірілген бұқаралық тәртіпсіздіктерге кінәлілерді тапқан адамға ақшалай сыйақы тағайындады. Оған бұрынғы президент Қ.Бакиев, оның інісі Жанышбек (Жаныш) және оның ұлдары Максим, Марат Бакиевтер кінәлі деп табылып отыр.

Сәуірдің 7-і күні оппозиция лидерлері мен билік арасындағы қақтығыстан кейін Қырғызстандағы оппозиция жақтастары ҚР-ның Үкімет үйін басып алып, билік уақытша үкіметке өтті. Президент Құрманбек Бакиев елді тастап, өкілеттілігін доғару туралы өтініш жазған. Қырғызстандық ақ үйдің толқуынан бірнеше ондаған адам қаза тауып, 1,5 мыңы жарақаттанған.

Соңғы жаңалықтар