Минскіде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына арналған халықаралық конференция өтеді

А. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Желтоқсанның 11-інде Минск қаласында «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы: перспективалар, мәселелер мен қыр көрсетулер» атты халықаралық конференция өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте министрліктің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Конференция барысында Қазақстанның төрағалыққа дайындығы жөнінде мәселелері талқыланады. Бұдан басқа, жиын барысында «Еуропаға жол» атты еліміздің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы ақпараттар қамтылады. 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының логотипінің таныстыру рәсімін өткізу де жоспарлануда», деді Е. Ашықбаев. 

 Бұдан басқа, ресми өкілдің айтуынша, желтоқсанның 9-10-ында Брюссельде ЕҚЫҰ тақырыбында жоғары деңгейдегі семинар өтетіні күтіледі. Семинардың мақсаты Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету тәжірибесімен танысу болып табылады. Аталған шара барысында Еуропалық Одақ елдерінің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесу де жоспарлануда. Қазақстан тарапынан семинарға ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Дулат Қуанышев қатысады.

Соңғы жаңалықтар