11:02, 12 Тамыз 2020 | GMT +5
Минскіде жаппай тәртіпсіздікті үйлестірушінің бірі ұсталды - БАҚ
МИНСК.БЕЛТА-ҚазАқпарат – Минскіде жаппай тәртіпсіздікті үйлестірушілер ұсталды. Олардың бірі өз жақтастарының әрекетін қонақүйден басқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Белта агенттігіне сілтеме жасап.
«Ұсталғандардың бірі – Минск қаласының тұрғыны. Ол «Беларусь» қонақүйінің 17-қабатындағы бөлмені жалға алған. Сол жерден наразылық шараларын үйлестірген.
Ер адам үш бағыныштының әрекетін басқарып отырған. Олар өз кезегінде жүздеген адамды басқарған», делінген хабарламада.