18:21, 03 Шілде 2009 | GMT +5
«Мир» Байкалдың түбінен келешектің отынын тапты
МӘСКЕУ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Байкалдың түбінен келешектің отыны табылды. Бұл жаңалықты «Мир» тереңге сүңгитін аппараттың кезекті батуы барысында жасады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Тарихта тұңғыш рет шөгінді қалдықтардың үстіңгі қабаттарында жатқан газ-гидраттарының алаңы табылды. Бұған дейін бұл отын топырақ қабаттарының астында ғана болған еді. Газ-гидраттары - белгілі бір температура мен қысым кезінде су мен газ кристаллдарынан пайда болады. Сыртқы пішіні жентектелген қарға ұқсайды және лаулап жанады.
Ғалымдардың пікірінше, таяу болашақтың өзінде газ-гидраттары адамзат үшін негізгі энергия көзі болуы мүмкін.