Міржақып Дулатовтың 125 жылдығына арналған пошта маркасы шығарылды

АЛМАТЫ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ертеңнен бастап алаштың ардақты ұлы, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың 125 жылдығына арналған пошта маркасы айналымға шығарылады. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Есте қалатын және мерекелік күндер» сериясымен шығарылған маркада Міржақып Дулатовтың бейнесі кескінделген. Көлемі 33 х 27,5 мм марканың жалпы тиражы 3 000 000 дана. ҚР Ұлттық банкінің банкнот фабрикасында басылып шыққан марканың суретшісі Данияр Мұхамеджанов.

Аталған марканың таныстырылымы ертең Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында өтеді. Оған М.Дулатовтың немересі «Мектеп» баспасының бас директоры Ерлан Сатыбалдиев пен «Қазпошта» АҚ-ның Басқарма бастығы Мұхтар Әбдірахманов қатысады.

Соңғы жаңалықтар