Мишель Платини ФИФА-ға жаңа президент керек екенін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) басшысы Мишель Платини Халықаралық футбол федерациясының президенті Йозеф Блаттерге халықтың көңілі толмайтынын айтты, деп жазады «ВВС» агенттігі.
None
None

«Оның отставкаға кетуін сұрадым. Ол тыңдап, тым кеш екенін айтты», - деді Платини баспасөз конференциясында.

Платинидің сөзіне қарағанда, УЕФА-ның көптеген мүшесі ФИФА президентінің сайлауында Блаттердің бәсекелесі - Иордания ханзадасы Али бин Аль- Хусейнге дауыс береді. Алайда, одақ сайлауға байкот жасамайды.

Блаттердің отставкаға кету ниеті жоқ. Ол жұма күнгі сайлауға қатыспақ.

Сайлау ФИФА тарихында ірі жемқорлық іске қатысты дау кезінде өтейін деп отыр. Швейцариялық полицейлер 26 мамырда жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұйымның 7 шенеунігін ұстаған. Іс бойынша 14 адам тергеліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар