19:09, 31 Қаңтар 2019 | GMT +5
ММА бойынша Астана қалалық чемпионатының жеңімпаздары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ММА бойынша Астана қаласының жыл сайынғы чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бәсекеде 16 жастан асқан 50-ге жуық спортшы күш сынасты.
16-17 жас аралығында бірінші орынды Дәулет Жарас, Темірлан Тағаев, Бекжан Асанов, Нариман Нұрұмжанов, Эльджан Гасанов, Есқат Нұролла және Несібхан Садыхан иеленді. 18 және одан жоғары жаста Ильяс Мұстафин, Дәурен Матақбаев, Ақылбек Рашев, Ахат Кеңесбеков, Бағлан Телібаев, Мейрамбек Демеубаев және Мәлік Темірсұлтанов бірінші орынға ие болды.
«Астана чемпионатының жүлдегерлері арасынан Алматы қаласында өтетін ММА-дан Қазақстан чемпионатында бақ сынайтын қала құрамасы жасақталады», - деп мәлім етті Қазақстан ММА федерациясының баспасөз қызметінде.