«МММ-2011» жобасы қаржы пирамидасы деп танылды

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Федералды антимонополиялық қызмет (ФАҚ) жанындағы қаржы нарығы жөніндегі сарапшылар кеңесі Сергей Мавродидің «МММ-2011» жобасы қаржы пирамидасы деп таныды. Бұл туралы сарапшылар кеңесі отырысы қорытындылары бойынша ФАҚ төрағасының орынбасары Андрей Кашеваров мәлім етті, деп хабарлады РБК.

«МММ-2011» жобасы қаржы пирамидасы деп танылды

«Біз талқылау нәтижелері бойынша қорытынды жасауға және оны құқық қорғау органдарына жіберуге дайынбыз. Әрі қарайғы квалификация - құқық қорғау органдарының еншісінде», - деді ол.

А.Кашеваров «МММ-2011» кестесінде уәде етілген кірістер шынайы түрде қабылданады және жүйеден шығарылады деп айтылмағандығын атап өтті.

«Менің ойымша, бұл жалған», деді ол.

ФАҚ төрағасының орынбасары жаңа жобада алаяқтық белгілердің бар екендігін, сондай-ақ, заңсыз квазибанктық операциялардың болуы мүмкіндігін атап өтті.