Мобильді аударым: Қаржы министрі хабарлама алған адамдар санын санын атады
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдың бірінші тоқсанында мобильді аударымдарға түсініктеме беру қажеттігі туралы хабарламаларды шамамен 115 мың салық төлеуші алды. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлім етті.
Оның мәліметінше, Мемлекеттік кірістер комитетіне транзакция деректерін 10 банк ұсынды.
— Нәтижесінде 114-115 мың адам үш ай ішінде жалпы сомасы 1 млн теңгеден асатын 100-ден астам аударым жасаған. Бұл 115 мың адамға қатысты жалпы сома 1 трлн теңгеден сәл асады, — деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.
Ең көп күдік туғызған аударымдар жеке тұлғаларға қатысты. Нақты айтқанда, шамамен 67 мың адам 670 млрд теңге көлемінде операцияларды жүзеге асырған.
Сонымен қатар хабарламалар шамамен 7800 резидент емес тұлғаларға да жіберілді. Осыған байланысты Қаржы министрлігі шекарада бақылауды күшейпек. Мәди Тәкиевтің айтуынша, шекара қызметкерлері шетелдіктерді елден шығу кезінде Қазақстандағы қаражаттың шығу көздері мен аударымдары туралы қосымша сұрайтын болады.
Ең аз хабарлама жеке кәсіпкерлерге, 200 млрд теңге сомасына берілген.
— Барлық салық төлеушілерге хабарламалар жіберілді. Мақсат жазалау емес, тек олардан мұның қалай болғанын түсіндірулері. Көп жағдайда хабарламалар такси қызметін көрсететін жеке тұлғаларға және курьерлерге қатысты болды. Олар келіп, расында таксиде жұмыс істегендерін, білмегендерін айтып жатыр, — деп түсіндірді министр.
Бұған дейін Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов мобильді аударымдарды тексеру жұмыстары қай сатыға жеткенін айтқан еді.