Мобильдік аударымдар туралы түбегейлі шешім қашан қабылданады

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов мобильдік аударымдардың шегі туралы шешім жаңа Салық кодексі Сенат мақұлдауынан өткеннен кейін қабылданатынын айттты.

мобильные переводы
Коллаж: Kazinform

— Біз жаңа салық кодексінде Ұлттық банкпен бірлесіп әрекет етуге бағытталған жаңашылдықтар енгізіп отырмыз. Депутаттар мақұлдады. Сенат кодексті мақұлдағаннан кейін Ұлттық банкпен бірлескен бұйрық жариялаймыз деп ойлаймын. Жалпы негізгі тәсілдер айқындалған. Бұған дейін де айтқанбыз. 3 ай қатарынан 100 тұлғадан аударым қабылдаса, аударымдар сомасы 12 еселенген ең төменгі айлықтан, яғни, бүгінгі өлшеммен 1 млн теңгеден асса, кәсіпкерлік әрекет болып есептеледі, — деді ол Мәжіліс кулуарында. 

Вице-министр 2024 жылы жасалған аударымдардың деректерін биыл мамыр, маусым айларында алатындарын айтты. Мобильдік аударымдар туралы нақты шешім де осы кезге дейін қабылдану керек.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс Салық кодексін қабылдады. 

Соңғы жаңалықтар