Моцарт пен Сальери бірлесе жазған туынды табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Прага қаласында белгілі композиторлар Вольфганг Амадей Моцарт пен Антонио Сальеридің бірігіп жазған туындысы табылды, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында.
None
None

Құнды дүние Чехияның Шарка Дочкалова атындағы музыкалық мұражайынан шықты. Ғалымдардың айтуынша, бұл шығарма осыдан 200 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалып кеткен екен. Əйгілі композитор Моцарттың дүниеге келгеніне биыл 260 жыл толады. Ол - Вена классикалық мектебінің елеулі өкілі. Өмірінің соңына дейін 600-ден астам еңбек жазып қалдырған.

Сальери де XVIIІ ғасырдың соңындағы музыка əлемінде танымал болған тұлға. Еуропа музыкасына қатысты мəртебелі орындардың бірі - сарай маңындағы капельмейстер лауазымына дейін көтерілген. Людвинг ван Бетховен, Франс Шуберт, Ференц Лист сынды белгілі композиторларға ұстаздық еткен. Алайда, оның артында Моцарттың жетістігін қызғанып, өліміне тікелей себепші болды деген дақпырт қалған. Бірақ 1997 жылы сот оны толық ақтап, кінəсіздігін мойындады.

«Моцарт пен Сальеридің бірігіп жазған бұл еңбегі жұрт арасына кеңінен тарап кеткен австриялық ұлы композиторды италиялық əріптесі өлтірген дейтін болжамды жоққа шығарады. Олар бір-біріне жоғары құрмет көрсеткен жəне нағыз адал достар болған», - деп есептейді музыка мұражайының қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар