Молдавия күндізгі уақытта спиртті ішімдіктерді жарнамалауға тыйым салды

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Молдавияның теледидар және радио жөніндегі үйлестіру кеңесі күндізгі уақытта теледидар және радио арқылы спиртті ішімдіктерді жарнамалауға тыйым салу туралы шешім қабылдады,

Молдавия күндізгі уақытта спиртті ішімдіктерді жарнамалауға тыйым салды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Кеңестің мәлімдемесіне сәйкес, алкоголді өнімдер жарнамасына сағат 6-дан 22-ге дейінгі күндізгі уақыттары тыйым салынады. Тыйым спиртті ішімдіктер логотипін қоса алғанда кез келген алкоголді өнімдердің жарнамаларына қолданылады.