Молдова президентінің иті Австрия президентін тістеп алды

Австрия президенті Александр Ван дэр Бэлленнің ресми сапары кезінде Молдова президенті Майя Сандудың иті Австрия басшысының қолын тістеп алды.
Айтуларынша, оқиға қос мемлекеттің басшылары президент резиденциясының ауласында серуендеп жүрген кезде болған.
Алдымен Ван дэр Бэллен еңкейіп Кодрут атты итке қолын созған, ит оны тістеп алған.
Осыдан кейін Молдова президенті Бэлленнен ағылшын тілінде кешірім сұрап, иттің қасындағы адамдардың көптігінен шошып кеткенін түсіндірген.
Ресми сапары барысында Ван дэр Бэллен Молдова парламентінің спикерімен бірлескен құжаттарға қол қойды.
Салтанатты рәсімдерден кейін Майя Санду әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше сурет жариялады.
The President of Austria, Alexander Van der Bellen, will leave Chisinau with a bandaged hand. He was bitten by the presidential dog Codruț.#maiasandu #alexandervanderbellen #Moldova #Austria pic.twitter.com/8g8OKA9ZK4
— Paranteze.MD (@ParantezeM) November 16, 2023