Молдовада А/Н1N1 тұмауынан ауруды сырқаттан жұқтырып алған дәрігер көз жұмды

АСТАНА.  Желтоқсанның  15-і. ҚазАқпарат -  Молдовада  А/Н1N1 тұмауынан  ауруды   науқастан  жұқтырып алған дәрігер   көз жұмды, 

Молдовада  А/Н1N1 тұмауынан  ауруды  сырқаттан  жұқтырып алған дәрігер   көз жұмды

 деп хабарлайды  ҚазАқпарат  РБК   агенттігіне  сілтеме  жасап.

Осылайша,  елде «доңыз тұмауынан»  көз жұмғандардың саны 15 адамға жетті,  деп    хабарлады   республиканың   Денсаулық сақтау министрлігінен.

Ведомствоның  ақпараты  бойынша,    Республикалық клиникалық  аурухананың    алғашқы  медициналық көмек  көрсету  бөлімінің бастығы  Евгения  Бордей осыдан бір апта бұрын    өзі емдеген  пациенттен    пандемиялық тұмау  жұқтырып алған.    Ол   ауруханаға  жатудан  бас тартқандықтан   ахуалы   нашарлап, дәрігерлердің   бар күш-жігер  салғанына  қарамастан    қайтыс болған.

Молдованың   Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері  бойынша,  елде  А/Н1N1 тұмауын  жұқтырғандардың  саны 2,3 мыңға жуықтап отыр.  «Доңыз тұмауынан»    алғашқы   кісі өлімі  ағымдағы жылы қазанның 23-інде тіркелген еді.