08:33, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Молдовада А (Н1N1) тұмауынан қайтыс болғандардың саны 35 адамға жетті
АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Молдовада А (Н1N1) тұмауынан тағы екі адам көз жұмды. Сөйтіп пандемиялық тұмаудан қайтыс болғандардың жалпы саны 35 адамға жетті,

деп хабарлайды РБК агенттігі.
Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлағандай, А (Н1N1) тұмауынан қайтыс болған жаңа құрбандар: 18 және 49 жастағы екі әйел - Сынжерей және Хынчешть аудандарының тұрғындары. Дәрігерлердің айтуынша, олар ауруларын асқындырып алған.
Молдованың денсаулық сақтау ведомствосының мәліметтеріне қарағанда, елде А (Н1N1) тұмауына шалдыққандардың саны 2,6 мыңнан асады. Молдовада «доңыз тұмауының» алғашқы құрбаны 2009 жылы қазанның 23-інде тіркелген болатын.