Молдовадағы референдум: ЕО-ға қосылуды жақтаушылар мен қарсылардың даусы бірдей

АСТАНА. KAZINFORM – Референдумда «еуропалық» өзгерістерге қарсы шыққандар саны сәл жоғарырақ, алайда Молдованың Еуропалық Одаққа қосылуын қолдайтындардың даусы іс жүзінде қарсыластарды қуып жетіп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазды Euronews. 

Молдовадағы референдум: ЕО-ға қосылуды жақтаушылар мен оған қарсылардың дауыстары бірдей болды
Фото: radiomoldova.md

Референдумда Молдова тұрғындарына: «Сіз Молдова Республикасының Еуропалық Одаққа қосылуы үшін Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдайсыз ба?» деген сұраққа жауап беру ұсынылды.

Хаттамалардың 98,11%-ын санағаннан кейін «иә» жауабы 49,90%, «жоқ» - 50,10% дауыс жинады. Референдум Молдовадағы президент сайлауымен қатар өтті.

Бюллетеньдердің 97,97 пайызын өңдегеннен кейін қазіргі президент Майя Санду көш бастады. Ол 41,86% дауыс жинады. Үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмады, сондықтан 3 қарашада саулаудың екінші туры өтеді.

Сандуға 26,34% дауыс жинаған бұрынғы бас прокурор Александр Стояногло қарсылас болатын көріндеді. Батысшыл бағытты ұстанған Санду жексенбі күні «қылмыстық топтарды» референдумға нұқсан келтіргені үшін айыптады.

ОСК мәліметінше, сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де жабылғаннан кейін 1,5 млн-нан астам сайлаушы, яғни сайлау құқығы бар сайлаушылардың шамамен 51%-ы дауыс берді.

Бұрын хабарланғандай, ОСК жариялаған мәліметтерге сәйкес, бюллетеньдердің 58 пайызын санағаннан кейін сайлаушылардың 55,5 пайызы конституцияға ЕО-дағы бағыт туралы ережелерді енгізуге қарсылық білдірді. 

Қазіргі сайлау – Молдова үшін осы жолдағы алғашқы ауыр сынақ.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың соңында Майя Санду Молдова президенті болып қайта сайлану ниеті туралы мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар