Молдованың астанасында құмар ойындарға тыйым салынды
АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат - Молдованың астанасы Кишинеуде ойын аппараттары мен казинолардың қызметтеріне арналған лицензияларды беруге және мерзімін ұзартуға тыйым салынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Кишинеу қаласының мэриясында хабарлағанындай, мұндай шешімді астананың муниципалдық кеңесі қабылдаған. Келешекте барлық құмар ойындарының мекемелерін қаланың сыртына шығару жоспарланып отыр.