«Монако» Фалькаоның «Манчестер Юнайтедке» ауысқанын растады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбиялық форвард Радамель Фалькао «Монакодан» «Манчестер Юнайтедке» ауысты, деп хабарлады британдық клуб сайтында.
None
None

Бұл келісімге байланысты БАҚ-та «МЮ» 28 жастағы форвардты жалға алғаны үшін жылына шамамен 18 млн. фунт (23 млн. еуро) төлейтіні туралы жазды. Ақпараттарға сүйенсек, келісім бір маусымға ғана жасалған, ал келесі жылы жазда британиялықтар футболшыны 43,5 млн. фунтқа (55 млн еуро) сатып ала алады.

Фалькао «Монако» үшін 2013 жылдың жазынан бері 22 ойынға қатысып, 13 гол соққан.

Соңғы жаңалықтар